"ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ"
2022 жылдың ақпан айының 25 күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ -де "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" тақырыбында Жаңа Қаратон кенті әкімі С.Баймұратов, Жылыой аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ-ң ЮПТ-ң аға инспекторы, полиция майоры Р.Е.Мурзабековпен 9-11 сынып оқушыларына кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесуде мектептің І санатты, педагог-сарапшы тарих, құқық пәні мұғалімі Н.А.Баданова "Құқық бұзушылықтың алдын - алу басты міндет" атты баяндама оқып, бейнебаян көрсетіп құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ата-аналарға арналған жадынамалармен (ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық, мекемелерінде жүруі, ерте жүктіліктің алдын алу) таныстырды.
https://22.zhylyoi-bb.rka.kz/kz/zha-aly-tar/204-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu.html#sigFreeId096801a5aa















