"МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ"

"ҚАМҚОРЛЫҚ" ФРАКЦИЯСЫ ЖӘНЕ "АДАЛ ҰРПАҚ"

 

     2022 жылдың ақпан айының 18 күні "N22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ - нің мектеп парламентінің жоспарына сәйкес тәрбие ісі меңгерушісі, мектеп парламентінің жетекшісі Ж.М.Абдешеваның, мектеп парламенті мүшелерінің және "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық жәрмеңкесі" болып өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесінің мақсаты: оқушылардың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар мұқтаж жандарға көмектесу. Жәрмеңкеден түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі немесе аз қамтылған отбасыға көмек ретінде беріледі. Қайырымдылық жәрмеңкесіне келгендердің барлығына алғыс білдіргіміз келеді!