Атырау облысы Жылыой ауданы
Жаңа Қаратон кенті № 22 жалпы орта
білім беретін мектеп директоры
Кенжегалиева Райгул Алдановна
туралы мәлімет

Кенжегалиева Райгул Алдановна 1993 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі мамандығы бойынша бітірген.
Алғаш еңбек жолын 1993 – 1994 оқу жылында Орал облысы Орда ауданы Искра аулындағы Шәкір Жексенбаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
Қоныс аударып келуіне байланысты 2001 жылы ақпан айында Құлсары қаласындағы № 15 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданған. Осы мектепте 2002 жылы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызметке тағайындалды.
2006 жылы мектеп директорының оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызметке тағайындалды.
2006 жылдан бері №18,15,16 мектептерде мектеп директорының оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келді.
2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетін 5ВО11700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. Білімі жоғары, жоғары санатты, педагог -зерттеуші мұғалім.
№ 23 жалпы орта білім беретін мектептің орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға оқушыларын қатыстырып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық - коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады.
Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.
Өз білімін жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтіп отырады.
2015 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтап, сертификатталған үлгілі ұстаз.
2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлерін оқыту курсын оқып,сертификатталды.
Әр жылдары еңбегіне қарай марапатталып отырды.
2017 жылы «Жылыой аудандық білім бөлімінің және «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Жылыой аудандық комитетінің Құрмет грамотасы, 2017 жылы Қазақстан Республикасында EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің өткізілуіне орай «Орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың заманауи талаптары» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған байқауында үздік нәтиже көрсетіп белсенділік танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі біліктілікті арттырудың Қазақстандық өңіраралық орталығының Дипломы, Қазақстан Республикасы Нұр – Сұлтан қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Алғыс хатымен, 2019 жылы № 23 жалпы орта білім беретін мектептің Құрмет грамотасымен,2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
Райгул Алдановна мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайтын әдіскер ұстаз.
Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым,шәкірттері
сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың бірі.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар,өнегелі ене,немере тәрбиелеп отырған әже.
Райгул Алдановна білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қабылдап, мектеп ұжымын да өзгертуге үлесін қосады деп сенеміз.
















Сұрақ қою