2022 жылдың ақпан айының 28 күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ -де елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында "Алғыс айту - парызым!" тақырыбында 9 сынып оқушыларының және "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратының бас маманы С.Ұ.Исаханова, Жаңа Қаратон кентінде тұратын өзге ұлт өкілдері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Абдешева, 9 сынып жетекшісі Э.Қайырқосова және оқушылар қатысты.