Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы А.Қақпанбаеваның мектеп президенттерімен өткізген жиналыстың қорытындысы бойынша әр аптаның сәрсенбі күні ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдарында "Дәстүрді ұмытпау мен ұлықтау" күні, ал әр аптаның жұма күні "Кітап оқу" күні болып бекітілді.

Осыған орай №22 жалпы орта білім беретін мектептің 1 "В" сынып оқушыларына "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбында түсінік берілді.

Сан ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатырған тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерімізді ұмытпай, ұлықтай білу біздің міндетіміз!

Сынып жетекшісі: Юсупова Орынгүл Абатовна.