2022 жылдың 14-18 ақпан аралығында «Жас келсе, іске» атты тақырыпта өткізілген жас мамандар арасындағы сайыс өз мәресіне жетті.
Сайыстың мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Сайыс таныстыру, ашық сабақ беру, ситуациялық сұрақтар және пәндік тест бөлімдерінен тұрды. Сайыста 1-3 жыл аралығында еңбек өтілдері бар тоғыз жас маман бағын сынады.
Нәтижесінде: бас жүлдені математика пәні мұғалімі Бысембаева Диляра Бисембайқызы,
ІІ жүлделі орынды информатика пәні мұғалімі Досжанова Раузия Бекқализызызы,
II жүлделі орынды математика пәні мұғалімі Иманғалиева Ақжан Эрланқызы, III жүлделі орынды ағылшын пәні мұғалімі Аманжолова Асель Жанболаткызы иеленді. Ал ағылшын пәні мұғалімі Қаирқосова Эльвира Айбекқызы, бастауыш пәні мұғалімі Қабжанова Айнұр Эдильбайқызы, көркем еңбек пәні Мергенбаева Жанаргүл Талғатқызызы, математика пәні мұғалімі Қоштанов Ғаламат Саматаұлы және қазақ тілі пәні мұғалімі Тамашова Венера Батырханқызы Алғыс хатпен марапатталды.
https://22.zhylyoi-bb.rka.kz/kz/zha-aly-tar/196-zhas-kelse-iske.html#sigFreeId2411eb5f3a
Орындаған: Абдешева Ж.М.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тел: 87011896727















