2022 жылдың ақпан айының 15 күні 5 «А» сыныбында информатика пәнінен «Ақпаратты цифрды тасымалдағыштар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Оқу мақсаты: Сандық ақпараттың цифрлық тасымалдау құралдарын сипаттау.

Сабақ басталмас алдын «Сәттілік тілеу әдісі» арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырды. Сабақ барысында «Миға шабуыл», «Еркін тілші» әдістерін пайдалана отырып, жеке жұмыс,топтық жұмыстарды практика жүзінде оқушыларға тапсырма беріп, компьютермен әртүрлі тасымалдау құралдарымен жұмыстар атқаруға болатынын көрсетіп,оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.

Формативті бағалау кезінде QR код арқылы тест тапсырмаларын орындатып сабақты жүйелі түрде аяқтады.

Орындаған: Абдешева Ж.М.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тел: 87011896727