2022 жылдың ақпан айының 17-сі күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де 10-11 сынып жетекшілері және "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен "Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында шара өтті.

Шара қонағы кентіміздің тұрғыны, ауған ардагері Ерешов Мұрат Сабитұлы жұбайы Беккалиева Сабира Сигуатқызымен келіп оқушыларға өзінің өмірі, отбасы және сол Ауғандағы сұрапыл жылдары туралы көптеген мағлұматтар айтты.

Тәрбиелік шараға мектеп директоры Р.А.Кенжегалиева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 10-11 сынып жетекшілері, АӘД пәні мұғалімі және 10-11 сынып оқушылары қатысты.