"№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ де 11 "А" сыныбында ағылшын тілі пәнінен "Жұмыс және өнер табыс" тарауы бойынша өткізілген қорытынды сабақта оқушылардың қабілетін дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс берілді.

Оқушылар сабаққа өз қабілеттерін көрсетуде ұйымшылдықпен жұмыс жасады. Тасқынбаева Гүлсезім "Леонардо да Винчи" туралы жоба жұмысын қорғап, "Мона Лиза" картинасын өз қолымен салынған суретін дайындаған.

Рахимова Альбина "Көлеңкелі театр" туралы айта келе, өзі көлеңкелі театрды қалай жасауға болатынын көрсетті. Сабақта түйіндеме жазу, кәсіпкерлікті қалай бастауға бодатыны жөнінде пікірталас болды.

Орындаған: Абдешева Ж.М.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тел: 87011896727