№22 жалпы орта бiлiм беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна "Формативті бағалау—сапалы білім кепілі" — атты тақырыпта шебер сынып ұйымдастырды.

Шебер сынып барысында көптеген құнды мәліметтер берілді. Мұғалімдерге формативті бағалаудың тәсілдерімен, оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру жағдаяттары таныстырылды.

Шебер сынып кезінде мектебіміздің мұғалімдері қатысып, шебер сабақ барысында практикалық жұмыс жүргізілді.

Мұғалімдерге сабақта ойын элементтерін қолдана отырып, оқушылардың оқу пәндері бойынша жетістіктерін анықтау, формативты бағалау жолында ойын түрлерін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі туралы мағлұмат берілді. Жазира Қуановна өткен шеберлік сыныбындағы іс тәжірбиесінен оқушылардың әр пән бойынша қызығушылық қабілеттерін артырары сөзсіз. Себебі бұл ақпаратта оқушылар түрлі берілген үлгі схемаларды тиімді пайдалана алады. Мұғалім де оқытудың тиімді әдістерін ұтымды пайдаланып, оқушыларды нақты бағалауға қол жеткізеді деген сенімдемін.