2021 жылдың желтоқсан айында тәрбие жұмысының жоспарына сай Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында "Тұғыры биік - Тәуелсіздік" атты ашық шара өткізілді.  Шараны мектеп директоры Кенжегалиева Райгул Алдановна құттықтау сөзбен ашып, І жарты жылдық бойынша мектебіміздің ұстаздарын қол жеткізген табыстары мен білім саласында қосқан үлестері үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", түрлі конкурс жүлдегерлерін, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иелеген оқушыларды және мектеппен тығыз байланыста болып, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан ата-аналарды марапаттады.