2021 жылдың 25 қарашасында музыка пәнінің мұғалімі Молдашев Жанболаттың 5 «Б» сыныбында «Жаңғырған салт -дәстүр әндері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Молдашев Жанболат – педагог-зерттеуші, еңбек өтілі - 35 жыл. Мұғалім өзінің біліктілігін көрсетіп, сабақ барысында қазақтың дәстүрлі әдет - ғұрып тұрмыстық өлеңдерінің орындалуын, олардың заманауи нақыштағы орындалуымен салыстыру арқылы оқушыларға жоғары дәрежеде орындата білді. Ұстаз сабағында оқушылардың білімін жан - жақты жетілдіру мақсатында әдіс - тәсілдерді орынды қолданып отырды. Жаңаша оқыту мазмұнына сай өткен сабақтан жас мамандар мол тәжірибе алып, пән мұғаліміне ризалық сезімдерін білдірді.
https://22.zhylyoi-bb.rka.kz/kz/zha-aly-tar/171-2021-zhyldy-25-arasha.html#sigFreeId6afe1380a7
Мектеп директоры: Кенжегалиева Р.А.
Орындаған: Абдешева Ж.М.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тел: 87011896727















