2021 жылдың қазан айының 12 күні Жаңа Қаратон кенті «№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ – де  7-8 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып оқушыларға өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы туралы, авариялық-құтқару жұмыстарын жүгізу және өртті жою кезінде қолданылатын өрт сөндіру-техникалық жарақтармен таныстырды, сонымен қатар, өрт сөндірушілер тұрақты түрде арнайы жаттығулар өткізетіндігін, өрт орын алған жағдайда ептілік таныту және адамдарды құтқару үшін спортпен айналысатынын түсіндірді. «Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Қандай мамандық таңдайтындықтарыңыз маңызды емес, маңыздысы адамдарға және елге қандай пайда алып келетіндігің», - деді мамандар өз сөзінде.