Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті "№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ 2021 жыл қазан айының 15 күні мектептің акт залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Р.А.Кенжегалиева, мектептің әлеуметтік педагогы Н.Қыздарбаева, мектеп психологы, сынып жетекшілер және әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе:
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының орындалысы
- 2021-2022 оқу жылы барысындағы қыздар және ұлдар кеңестерінің іс-шаралар жоспарының орындалысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, көптеген сұрақтарға жауап берілді.















