«№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 1 қыркүйек Білім күніне арналған “Кел балалар, оқылық” тақырыбында 1 сыныптар үшін салтанатты жиын өткізілді. 2021-2022 оқу жылында 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Алғашқы сөзді мектеп директоры Кенжегалиева Райгул Алдановна құттықтау тілегін білдіріп, 1 сынып оқушыларына салтанатты түрде “Әліппе” оқулығын табыстады.
Ал 2-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасын тапты.