22 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу  жөніңдегі шаралар жоспарының 50-1 тармағына сәйкес 2021 жылдың 27 мамыр күні «Тәуелсіздік Тарландары» тақырыбында  елдің негізін қалаған және оның дамуына ерекше үлес қосқан тұлғамен кездесу ұйымдастырылды.  Кент жастары, мектеп бітіруші түлектер  кент тұрғыны мұнайшы Рахымжан Тұрғанбайұлы Мырзабаевпен кездесті.  Р.Т.Мырзабаев  1983-88 жылдары Қаратон поселкесіндегі  орта мектеп мұғалімі, 1988-1991 жылдыры Қаратон поселкелік советінің  хатшысы, 1991-1995 жылдары Қаратон пос.округ әкімі орынбасары, 1995-1999 жылдары- Қаратон поселке округі әкімі. 1999жылдан бүгінге дейін Теңіз  мұнай кен орны ЖШС «Сенімді құрылыс» мекемесінде  мұнайшы инженер болып жұмысын  атқарып келеді.  2010 жылы «Алғыс хатпен»,  2018 жылы «Айбын» медалімен   марапатталған.  Р.Мырзабаев  барлық жылдардағы   өзінің еңбек жолы туралы баяндады.   Ел тарихы, оның болашағы мен жетістіктері ең алдымен  оның азаматтарының жетістіктері. Бұл ретте тәуелсіз жылдары саланың дамуына үлес қосқан тұлғамен кездесу мақсатымыз жастарға  патриоттық сезім, тәрбиелік танымдық сипатта  үлгі негіз  болатындай кездесу болды.