Жылыой ауданы №22 жалпы орта білім беретін мектептің 10 "А" сынып оқушысы Айғалиев Мейрамбек 27 ақпан - 02 наурыз күндері аралығында Талдықорған қаласындағы "Өркен" спорт сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жекпе-жек сайысынан (қоян қолтық ұрыс) жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде аудан мерейі үстем болып, 14-15 жас аралығында 42-келі салмақты Айғалиев Мейрамбек Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ТӨРТІНШІ мәрте ие болды.

 

Ауданның, облыстың мерейін асқақтатып жүрген спортшымыздың бапкері, жекпе-жек ММА - дан әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев