№22 жалпы орта білім беретін мектепте 26-30 сәуір аралығында онлайн форматта өтетін "Біз болашаққа жауаптымыз!" атты экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығының жұмыс жоспарына сай жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты: адам мен табиғат арасындағы байланыс негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну, жауапкершілік қалыптастыру.

Осы орайда мектеп оқушыларына суреттер конкурстары, танымдық сабақтар, тренингтер өткізілді. Апталықты жүргізушілердің тарапынан мектеп оқушыларына апта бойына жасалатын жұмыстардың жоспары таныстырылып, ұсыныстар берілді.