1 маусым 2018 жылы Президент әкімшілігі жанынан құрылған әйелдер ісі және отбасылық саясаты Ұлттық комиссиясы Ақтөбе облысы әкімшілігі ұйымдастырған 3 -ші "Қамқор әке - бақытты балалық" атты Республикалық әкелер форумына мектебіміздің ата-аналар кеңесінің төрағасы Адилов Мақсот Айнашұлы қатысып, отбасы институтын дамытуға және өз өнегесімен қоғамдағы әке беделін арттыруға үлес қосқаны үшін Алғыс xатпен марапатталды. Құрметті Адилов Мақсот Айнашұлы! Сіздің деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге жеміс тілейміз! Өз өнегеңізбен қоғамда әке беделін арттыруға үлес қосып, жүре беріңіз! Мектеп әкімшілігі.




















