Жиналыс төрағасы: қамқоршылық кеңесі төрағасы Қанаев М.Ж.
Хатшы: қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шынжырбаева А.
Қатысқандар:
1.Мұхамбеталиева Б.М.- мектеп директоры
2.Байгужина З.М.- мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.Қасанова Н.А.- мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Молдашева Ж.О.- мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары
- Молдакулова С.Т.-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Дайрабаева А.Б.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Жекейбаева С.- мектеп психологы
- Баданова Н.А.- мектептің әлеуметтік педагогы
- Қалиева Ш.А.-мектеп тәлімгері
10.Қанаев Мұхамбет – қамқоршылық кеңесі төрағасы
11.Айтешев Жандос –кеңес мүшесі
12.Шынжырбаева Ардақ –кеңес мүшесі
13.Оразымбетова Света-кеңес мүшесі
14.Қоңырбаев Мажит-кеңес мүшесі
15.Кетебаева Айсара-кеңес мүшесі
16.Оңғаршиев Мәлік-кеңес мүшесі
17.Елсейтова Сәуле-кеңес мүшесі
18.Құрманбаев Айтқали-кеңес мүшесі
Күн тәртібінде:
1.2017-2018 оқу жылы барысындағы қамқоршылық кеңестің жасаған жұмыстарының есебі
2.Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №15-4-10/75 хатының және Жылыой ауданы білім бөлімінің 10.01.2018 ж. №18 хаты негізінде 2018 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында аудан көлемінде «Қамқорлық» акциясының өткізілуі туралы
3.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
Отырысты қамқоршылық кеңестің төрағасы Қанаев М. ашып, бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мектеп директоры Мұхамбеталиева Б.М. 2018 жылдың қаңтар айында жасалған қамқоршылық кеңесінің жұмыстарының есебі туралы айтып өтті.
Мектеп директоры Мұхамбеталиева Б.М.
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы бойынша №22 жалпы орта білім беретін мектепте қамқоршылық кеңесі мектепішілік 11.09.2017 ж. №253 бұйрығына сай құрылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі бекітілген бұйрығы бойынша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, кеңес құрамы сайланған болатын.Қамқорлық кеңестің төрағасы болып Қанаев Мұхамбет Жалғамаұлы тағайындалды.
Қамқоршылық кеңес 9 адамнан құралған.
Қамқоршылық кеңес мектеп әкімшілігімен,ата-аналар комитетімен,жергілікті атқарушы органдармен,мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
Мектеп бойынша Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №15-4-10/75 хатының және Жылыой ауданы білім бөлімінің 10.01.2018 ж. №18 хаты негізінде 2018 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында аудан көлемінде «Қамқорлық» акциясының өткізілуі туралы шарасына қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.
2017-2018 оқу жылы барысына арналған іс-шаралар жоспары жасалып,бекіттірілді.
Мектеп бойынша жүргізілген іс-шаралар кезінде қамқоршылық кеңес мүшелері ұсыныстар беріп, әлеуметтік жағдайы отбасы балаларына берілетін көмектер кезінде қатысып отырды.
Мектептегі білім беру ұйымының қызметі туралы,сонымен бірге білім беру қызметінің сапасы ұсыну сапасына және қайырымдылық көмектің жұмсалуымен хабардар болды.
Мектептің әлеуметтік педагогы Баданова Н.
-Сәлематсыздар ма, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша тоқталатын болсам, Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №15-4-10/75 хаты негізінде және Жылыой ауданы білім бөлімінің 10.01.2018 ж.№18 хаты негізінде 2018 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында аудан көлемінде «Қамқорлық» акциясының өткізілуіне байланысты мектеп бойынша іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Рейд қорытындысына келсек,рұқсат етілмейтін бала еңбегімен айналысатын балалардың жоқ екендігі белгілі. Аудандық сауда орындарындағы жеке кәсіпкерлермен,мекемелермен қатынас қағаз арқылы байланысып, қазіргі кезде мектеп құралдарымен, киімдермен көмектер көрсетіліп отыр. Осы акция кезінде 6 оқушы,оның ішінде 4 жартылай жетім,1 көп балалы отбасы балалары,1 бала жасынан мүгедек санатындағы оқушы мектеп бюджетінен қыстық киім-кешекпен,аяқ киімдермен қамтылып,барлығы 164000 (жүз алпыс төрт мың теңге) теңге көлемінде көмек алды.1 жалғызбасты ана тәрбиесіндегі оқушыға мектептің іс-жүргізуші Байгужина Г. 16000 (он алты мың теңге) теңгеге қыстық киіммен көмек көрсетті. Барлығы 7 оқушы 180000 (жүз сексен мың теңге) теңге көлемінде көмек алды.
Кеңес мүшесі Елсейтова С.
- Сәлематсыздар ма, бүгінгі отырыста қаралып жатқан мәселе бұл барлығымызға да қатысты. Әрине жағдайы жоқ отбасыларына Камқорлық көрсету әр адамның міндеті деп есептеймін, біздің елді мекенде осы санатқа жататын отбасылар көп емес, мектеп жанынан көрсетіліп жатырған көмектер бар екен. Біздің кеңесте осы бағытта жұмыстар жүргізеді.
Кеңес мүшесі Қоңырбаев М.
-Менде осы елді мекеннің тұрғынымын,балаларым осы мектепте оқып жүр. Күн тәртібінде айтылып жатқан жұмыстарды тыңдап отырсақ, көптеген іс-шаралар жүргізіліпті,бұл тек акция кезінде емес былайғы күндерде де атқарылады.
- мәселе бойынша тәрбие ісі меңгерушісі Молдакулова С.Т. сөз алды.
-Құрметті ата-аналар, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларымен байланыс жасалып, осы санатқа жататын балалардың жанұялық жағдайларына мектептен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен акт жасалып,жұмыстар атқарылады. Оқу жылы барысында ғана емес,сонымен бірге олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, жазғы демалыспен қамтылуына байланысты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие бойынша тоқталсам, еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жариялануына орай оқушы бойында рухани-адамгершілік қасиеттері,патриоттық сезім,азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру,ұлттық сана-сезім және толеранттылықты дамыту мақсатында1-11 сыныптарда «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп бойынша аптаның І күні-ҚР-ның Мемлекеттік Гимннін орындайтын күн болып тағайындалған.Оқу жылы барысында «Қазақстан тарихы ХХІ ғасыр», «Тәуелсіздік сәулесі-Елбасы», «Астана символ единства и независимости казахстанцев», «Жаса,жайна ару қалам-Астанам», «Конституция –ұлттың ең маңызды заңды құжаты» тақырыптарда мектепішілік шаралар және «Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу»құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу, «Жас тимуршылар қозғалысы» жалғызбасты қарияларға көмек, сонымен бірге әр оқу жылы барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың ескерткішінің жанына гүл шоқтарын қою салатанатты жиыны ұйымдастырылады.
Мектеп бойынша аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінен мектепке 1 мектеп инспекторы бөлінген.
Осы оқу жылында аудандық профилактикалық есепте 2 оқушы тұр,оның 1 уін есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кеңес мүшесі Оңғаршиев М.
-Мектеп бойынша құқықтық тәрбиеге байланысты жұмыстар жүргізілген. Біздер,ата-аналар сынып жетекшілерімен бірге рейдтік жұмыстарды атқарамыз, кешкі мезгілде көбіне балаларын дүкенге,ағайындарының үйіне жұмсайтын ата-аналарға сынып жетекшілері арқылы ескерту айтып,бірігіп жұмыстары ұйымдастырамыз.
Қаулы:
- Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №15-4-10/75 хаты негізінде және Жылыой ауданы білім бөлімінің 10.01.2018 ж.№18 хаты негізінде 2018 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында аудан көлемінде «Қамқорлық» акциясының өткізу жұмыстарын біріккен түрде атқарып, рейдтік жұмыстары кестеге сай атқарылсын.
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды тәрбиелік шаралар (семинар,тренингтер,сауалнамалар) арқылы ұйымдастырылсын.
Төраға: Қанаев М.Ж.
Хатшы: Шынжырбаева А.















