Табиғатты аялау-әр адамның міндеті. Осы орайда «№22 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де қазан айында мектеп ауласын көріктендіру, көгалдандыру мақсатында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияны ұйымдастырушылар - ерікті ретінде мектептің музыка пәні мұғалімі Молдашев Жанболат Суйндиковичпен жұбайы Жанкулова Алтынгүл демеушілік етіп мектепке 200 түп қара тал берді.Акция кезінде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары, әсіресе, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларының ата-аналары ерекше ұйымшылдық таныта білді.  Сонымен қатар орта және жоғары буын оқушылары да ата-аналарымен бірге атсалысты.  Акция барысында ерекше еңбек еткен зейнеткер Қайыржанов Қиятолла атамыздың еңбегін арнайы атап өткіміз келеді, зейнет жасына қарамастан оқушылармен бірге тал отырғызып, ұрпаққа үлгі болатын өнеге көрсетті. Мектеп ұжымы атынан акцияны ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға ерекше алғыс білдіреміз.

Жалғанды: 1 видео

Мектеп директоры:                          Кенжегалиева Р.А.

Орындаған: Абдешева Ж.М.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тел: 87011896727