2021 жылдың 06 мамыр күні Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы дін істер басқармасының 26.04.2021 жылғы №31-01-7/548 хатына сәйкес ZOOM платформасы арқылы онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша Жылыой аудан бойынша мектеп бітіруші түлектерге «Ақ жол жас түлектер!» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу конференцияны Атырау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Мұхамбеталиев Даурен Максимұлы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі дінтанушы, тарихшы Абзалов Ернар Абзалұлы, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог маманы Уразов Амангелді Қалдыбайұлы өткізді. Онлайн кездесу конференциясына №6, 8, 10, 22, 23 орта мектептің тәрбие ісі орынбасарлары, мектеп психологтары, сынып жетекшілері, мектеп бітіруші түлектері қатысты. Кездесуде дәстүрлі емес ағымдардан сақтану, дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиеттері түсіндіріліп, діни әдебиетті және діни мазмұндағы материалдарды тарату заңдылығы, рухани құндылықтар, жалпы зайырлық туралы мағлұмат берілді.
















