Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
Мерзімі: Қыкүйек 2021 жыл.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 589 бұйрығының 3 ші тарауының 69 негізінде № 22 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылында 1-11 сыныпта барлығы 849 оқушы бар. Оның ішінде 1-4 сыныпта 379 оқушы бар. Бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны -401. Олардың 379-ы 1-4 сынып оқушылары,
22 оқушы аз қамтылған жанұя балалары. Оқушылар 2 ауысым бойынша тамақтанады.
І ауысым бойынша 1-4 сыныптарда 171 оқушы, ІІ ауысым бойынша 208 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Аз қамтылған 22 оқушының ішінде, қамқорлықтағы 1 оқушы
7 толық емес отбасы (жартылай жетім),1 оқушы бала жасынан мүгедек оқушы.13 аз қамтылған көп балалы отбасынан оқушы.Аталған сынып оқушылары мектеп әкімшілігі жанынан құрылған комиссия шешімімен ыстық тамақпен қамтылды.
Ас мәзірі 1 аптаға аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқарма басшысының келісімімен жасақталған.Асхана санитарлық нормаға сай, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар.
Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі.
Оқушыларға ыстық тамақпен бірге аптасына аптасына кептірілген жемістерден кампот беріледі.Әр түрлі себептермен сабаққа келмей,ыстық тамақпен қамтыла алмай қалған оқушылар есебі алынып,ай сайын акт жасақталады. Оқушылар тамақтанар алдында,тамақтан соң қол жуғышты,электросүзгіні пайдаланады.
Сонымен қатар, оқушылар буфеттік: булки, тәтті тоқаш, самса, пешке піскен пирожки сияқты тағамдармен қамтылған.















