Жиналыс  төрағасы: қамқоршылық кеңесі төрағасы Қанаев М.Ж.

Хатшы:   қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шынжырбаева А.

 

Қатысқандар:

1.Мұхамбеталиева Б.М.- мектеп директоры

2.Байгужина З.М.- мектеп директорының оқу ісі  жөніндегі  орынбасары

3.Қасанова Н.А.- мектеп директорының оқу ісі  жөніндегі  орынбасары

  1. Молдашева Ж.О.- мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары
  2. Молдакулова С.Т.-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  3. Дайрабаева А.Б.- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  4. Жекейбаева С.- мектеп психологы
  5. Баданова Н.А.- мектептің әлеуметтік педагогы
  6. Қалиева Ш.А.-мектеп тәлімгері

10.Қанаев Мұхамбет – қамқоршылық  кеңесі төрағасы

11.Молдағали Рүстем –кеңес мүшесі

12.Шынжырбаева Ардақ –кеңес мүшесі

13.Оразымбетова Света-кеңес мүшесі

14.Қоңырбаев  Мажит-кеңес мүшесі

15.Кетебаева Айсара-кеңес мүшесі

16.Оңғаршиев  Мәлік-кеңес мүшесі

17.Елсейтова Сәуле-кеңес мүшесі

18.Құрманбаев Айтқали-кеңес мүшесі

 

Күн тәртібінде:

 

1.Мектепте  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта  білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»  бұйрығы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету туралы

 

  1. Мектеп  бойынша «Діни ахуалды жақсартуға бағытталған, алдын алу жұмысын іске асыру»бағытында жүргізілген жұмыстар туралы

                          

Отырысты қамқоршылық кеңестің  төрағасы Қанаев М. ашып, бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырды, яғни Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта  білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»  бұйрығы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету туралы  мәселенің күн тәртібінде қаралатындығын айтып өтті.

 

Кеңес мүшесі Оразымбетова Света:

-Мектепке келгенде баламыз өзін еркін ұстап,білімін алу үшін келетіндігі бәрімізге белгілі. Еліміздің осы бұйрығына сай және мектептің Жарғысында көрсетілген мектеп формасына бәрімізде келісеміз.

 

Кеңес мүшесі Кетебаева Айсара

-Барлық мектептердегідей  біздің мектебімізде осы бұйрық бойынша жұмысты бірігіп атқарамыз. Баламыз мектепке келгенде оның киген мектеп формасыда оның білім алуына және оқушы ережесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Жас ерекшеліктеріне,климат жағдайына байланысты болуы керектігінде біз ересектер ескеруіміз керек.

 

  Тәрбие ісі меңгерушісі Молдакулова С.Т.

   -Мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірге «Религиозный  экстремизм и терроризм» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мектептің тәрбие ісі меңгерушілері мен мектеп психологы қазіргі заманғы зайырлылық ең алдымен гуманистік құндылықтарды,соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыратын –зайырлылық түсінігін жасөспірімдерге  түсіндіру мақсатында  сауалнама  өткізіп,сараптама жасалды.   Сонымен бірге пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру мақсатында алдын алу шараларына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. (интерактивті сабақтар,слайд көріністері, т.б.) жүргізіледі.

   Мектеп оқушыларымен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жасөспірімдердің діни сауаттылығын ашу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және олармен күресудің жолдары,елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап,жастарға оң жақты ой салу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға,оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу,қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға,ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу мақсатында «Дін-тәрбие діңгегі» тақырыбында  мектепішілік шара ұйымдастырылды. Шараға мектеп психологы мен сынып жетекшілері қатысып,тақырыпқа байланысты оқушылармен бірге түсіндірме жұмыстарын талдап,кеңес-әңгімелер айтты. Мектепішілік шара соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Қаулы:

  1. Мектепте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта  білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»  бұйрығы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары атқарылсын